Фото: Getty Images
«Страсбург» клубының бапкері Лиам Росеньор басқа командаға бас бапкер болып тағайындалуға бір табан жақындады. Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо таратты.
Қызметінен босатылған Энцо Маресканың орнына дәл осы ағылшын маманы негізгі үміткер ретінде қарастырылғаны айтылды.
Спорт журналисінің мәліметінше, Росеньор лондондық клубтың бас бапкері ретіндегі міндетін атқаруға іс жүзінде дайын.
Дереккөздерге сүйенсек, Росеньор қазір Лондонда жүр. Ол мұнда еңбек шартына қол қою ниетімен келген. Жаңа клубтағы жұмыс оны көптен күтіп отырғаны атап өтілді.
Сондай-ақ бапкерді клуб басшылығымен кездесу күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл жүздесу бір күн ішінде өтуі тиіс. Егер тараптар келісімге келсе, аптаның соңына қарай «Челсиде» жаңа бас бапкер пайда болуы мүмкін.
Айта кетейік, Алматылық «Қайрат» футбол клубының 16 жастағы футболшысы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырды. Жас футболшы кәмелеттік жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында ресми түрде ағылшын клубына ауысады. Оған дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсете береді.