Спорт • 05 Қаңтар, 2026

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың танымал шахматшысы Бибісара Асаубаеваның өткен жылдың соңғы күндері Катардың астанасы – Дохада шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққанын бұған дейін де жазғанбыз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазіргі кезде ол классикалық шахматтан 11-орында тұр. Қоржынында 2497 ұпайы бар. Асаубаеваның алдында Ифань Хоу, Цзинер Чжу, Тинцзе Лей, Вэньцзюнь Цзюй (Қытай), Хампи Конеру (Үндістан), Александра Горячкина (Ресей), Чжунъи Тан (Қытай), Анна Музычук (Украина), Екатерина Лагно (Ресей) және Полина Шувалова (Ресей) сынды мықтылар тұр.

 Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды

Ал блицтен қандасымыз бірден бес сатыға жоғарлап, бүгінгі таңда үшінші орынды еншілеуде. Бибісара тек Қытайдың өкілдері - Хоу Ифань мен Цзюй Вэньцзюньнен ғана қалып келеді. Тағы бір айта кетерлік жайт, ТОП-10-дыққа Асаубаевадан бөлек, Қазақстанның төрт шахматшыс қызы еніп отыр. Олар – Меруерт Камалиденова – 57 орын (2386 ұпай), Ксения Балабаева – 70 орын (2371 ұпай), Алуа Нұрман 78 орын (2363 ұпай) және Әмина Қайырбекова – 93 орын (2348 ұпай).

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар