Фото: ашық дереккөз
Шығармашылық жолын балалар поэзиясынан бастаған ақын бара-бара философиялық тақырыптарға қалам тербеп, адам жанының терең қатпарларына үңілген іргелі еңбектерімен ерекшеленеді. Оның «Ой орманы», «Дала дидары» сынды кітаптары қазақ оқырманына үлкен жаңалық болып келді.
Қадыр Мырза Әлі өнердің өзге де жанрларын да жатырқамай жақсы жазды. Айталық әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты.
Ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді.
Аударма бағытында да орасан зор еңбек етті. Қадыр әлем әдебиетінің классиктерін өндірте аударды.
Өмірінің соңғы бел-белесінде қаламгерлердің шығармашылықтан тыс өмірін деректеген «Жазмыш» пен «Иірім» кітаптары жарық көрді.
Жақында Жазушылар Одағының ыждағатымен ақынның аталған кітаптары қайта басылып шықты.
21 қараша күні ақынның шығармашылық зертханасын зерделеген «Қадыр ақынның қарындашы» атты танымдық мақала жариялаған болатынбыз.