Президент • 05 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын ерекше назарда ұстайды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталып, экономикалық реформалар жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын ерекше назарда ұстайды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Президенттің айтуынша, ел алдында тұрған міндеттер ауқымды әрі жауапты.

«Биыл көп жұмыс істеуіміз қажет. Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі басталып, экономикалық реформалар жалғасын табады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңғыру жолына біржола түсуі қоғамның болмысы мен бет-бейнесін түбегейлі өзгертуді талап ететінін атап өтті.

«Еліміз жаңғыру жолына біржола түсіп, қоғамымыздың болмысы мен бет-бейнесін түбегейлі өзгертуге тиіс. Азаматтарымыз жаңа дәуірге бейімделуі қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Бірақ, халқымыз, соның ішінде жастарымыз алмайтын асу жоқ. Бұған кәміл сенемін», деді Президент.

Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағанын еске салды. Оның айтуынша, бұл – ел үшін тарихи мүмкіндік.

«Түбегейлі цифрлық өзгерістер мен жасанды интеллектіні енгізу экономиканың ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару сияқты барлық саланың дамуына тың серпін береді», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы – еліміз үшін айтулы дата әрі осыған дейін жүріп өткен жолымызды ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құратын сәт. 

«Тәуелсіздіктің мерейлі белесін ас та төк науқаншылдыққа айналдырмау керек, бұл Қазақстанның өсіп-өркендеуінің символы болуға тиіс», деді ол.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясына ерекше тоқталды.

Мен Президент ретінде «Таза Қазақстан» акциясын алдағы уақытта да ерекше назарымда ұстаймын. Бұл жұмыстың мән-маңызы өте зор. Себебі, «Таза Қазақстан» жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қадам «Таза Қазақстан» идеясымен толық үндеседі.

Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені, тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс», деді Президент.

Тоқаев экс-президенттің Мәскеуге сапары туралы: Не айтылғаны маған қызық емес

 

Соңғы жаңалықтар