Спорт • 05 Қаңтар, 2026

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынына кімдерді шақырды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» футбол клубы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда құрамында тек Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек және Азамат Тұяқбаев жоқ. Олар ескі жарақаттарын емдеп жатқан көрінеді. Ал қалғандарының төрт көзі түгел, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынына кімдерді шақырды?

Фото: almaly.kz

Оқу-жаттығу жиынынан бөлек, жерлестеріміз Парсы шығанағында екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда алматылықтар Әзербайжанның «Нефчиімен» және 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждинасымен» шеберлік байқасады. Осы ойындардың қорытындысы бойынша команданың негізгі құрамы жасақталады.

«Қайрат» Чемпиондар лигасы алдындағы еуропалық клубтармен өтетін матчтарын жариялады

Биыл «Қайраттың» алдында екі үлкен міндет тұр. Біріншісі, былтырғы маусымда жеңіп алған Қазақстан чемпионы атағын биыл да сәтті қорғап қалу қажет. Екіншіден, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде мүкіндігінше ұпай алуға тырысып көру керек. Қазір алматылықтардың қоржынында алты ойында жиған бір ғана ұпай бар. Осы жарыс аясында «Қайрат» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюггесін» қабылдаса, 28 қаңтарда Лондонға сапар шегіп, жерігілікті «Арсеналмен» күш сынасады.

«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды

Соңғы жаңалықтар