Президент • 05 Қаңтар, 2026

Әріп қатесін суқаным сүймейді: Президент сөйлейтін сөздердің мәтінін өзі қарайтынын айтты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында өзінің өмірлік ұстанымы мен мінез-құлқына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әріп қатесін суқаным сүймейді: Президент сөйлейтін сөздердің мәтінін өзі қарайтынын айтты

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілікке жеке өмірін ашып көрсетуді жөн көрмейтінін, алайда кәсіби қызметі мен ішкі ұстанымы туралы ашық айтуға дайын екенін жеткізді.

«Мен 1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігінің табалдырығын алғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке келгеніме былтыр 50 жыл болды», деді Президент.

Президенттің айтуынша, алғашқы мамандығы – қытайтанушы. Бұл сала ерекше табандылықты, ұқыптылықты және ұзақ уақыт бойы жүйелі еңбекті талап етеді. 

«Шынымен де, мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдауларымды, сөйлейтін сөздерімді, мақалаларымды, тіпті, әріптестеріме жолданатын хаттардың бәрін тікелей өзім қарайтынымды аппараттағылардың барлығы біледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы саналы ғұмыры темірдей тәртіпті, жоғары жауапкершілікті және жүйелі жұмысты талап ететін мемлекеттік қызметте өткенін айтты. Бұл өмірлік жол оның мінез-құлқы мен көзқарасына тікелей ықпал еткен.

«Сіз кімсіз?» деген сауалға Президент қысқа әрі нық жауап берді:

«Мен – мемлекетшіл адаммын».

Соңғы жаңалықтар