Жарыстың алғашқы күні Софья Актаева рапирадан өткен бәсекеде күміс медаль жеңіп алды. Бастапқы бәсекелерде барлық қарсыласынан басым түскен ол жартылай финалда қытайлық Ху Бейниді 15:8 есебімен қапы қалдырды. Финалда отандасымыз ресейлік Стефания Часовниковаға есе жіберді – 11:15.
Сондай-ақ бұл жарыста Софья Актаевадан бөлек, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Богдан Лукин, Михаил Кузьмин, Георгий Тинников, Владислава Андреева, Каролина Фомина, Виктория Қайсарова, Ләззат Кәрімова, София Николайчук, Ульяна Писцова және Наталья Зинякова сынды семсерлесушілер өнер көрсетіп жатыр.