Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің әлемдегі, сондай-ақ, еліміздегі қалыптасып отырған экономикалық жағдайларға байланысты ахуалды ескере келіп, Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы және бұл сайлауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа президенттік мандат беру жайлы үндеуі дер кезінде жарияланып отыр деп санаймын. Рас, қазіргідей дүние аласапыран болып, дағдарыс деген тажал әр елдің жағасынан алып жалаңдап отырғанда, халық оған қарсы бола қоймас.
Екіншіден, төрткүл дүниеде болып жатқан соғыс атаулыны, бүлікшілікті көріп, бір күн аш, бір күн тоқ отырсақ та, тыныштық өмірдің бағасын білеміз. Ал сол тыныштық, бейбіт өмірге дәнекер болып, жарғақ құлағы жастыққа тимей, сырттағы және іштегі ахуалды да реттестіріп, соған ұйытқы болып отырған кім? Әрине, Елбасы.
Ал мен неге қолымнан келгенше Назарбаевты қолдаймын? Неге сайлаудың ерте өтуіне мүдделімін?!. Қазақ айтады емес пе: «Ел мықты болса, ел ағасынан, үй мықты болса, бел ағашынан» деп. Шынтуайтына келгенде, Назарбаев – білгір, дана, көреген, алдын болжай алатын, ешкімді бөліп-жармайтын, баршаның баласын бауырына басқан қазақ болса, сол қазақтық рухтағы бүгінгі таңдағы Көшбасшымыз. Ол бірде-бір ұлттың өкілін алаламай, теңдікте ұстап, еліміздегі ынтымақты, тұрақтылықты, туыстықты, татулықты сақтап, ту етіп отыр.
Еш уақытта еліміздегі достық, бірлік, ынтымақтың шекарасы бұзылмасын. Оның барлығына ұйытқы болып отырған менің қазағым екенін ешкім ешқашан ұмытпауы керек. Ал соның бәрін жүйеге келтіріп, ұқсатып, бөлмей-жармай ұстаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың керемет кемел саясаты, ерен еңбегі.
«Халық Құдайдан бір жас кіші» деген. Мен – ел ішін көп аралап, халықпен етене араласып жүрген адаммын. Елдің пейілін, пікірін білемін. Сондықтан, халықтың пікірімен, халықтың ойымен санасып, Мәңгілік Еліміздің көшбасшысын – Елбасымызды осындай жолмен сайлап алсақ, құба-құп болар еді.
Асылы ОСМАНОВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
АЛМАТЫ.
• 24 Ақпан, 2015
«Ел мықты болса, ел ағасынан, үй мықты болса, бел ағашынан»

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00