Әлем • 03 Қаңтар, 2026

Жер шарындағы ең суық және ең ыстық аймақтар белгілі болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың алғашқы күні Жер шарындағы ең суық ауа райы Якутия мен Магадан облысында байқалса, ең ыстық ауа райы Камерун, Австралия және Тогода тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер шарындағы ең суық және ең ыстық аймақтар белгілі болды

«Соңғы тәуліктің деректеріне сәйкес, планетадағы ең төмен температура Якутиядағы Иэма метеостанциясында тіркелді, онда ауа температурасы минус 53,1 градусқа дейін төмендеді», деді ТАСС агенттігі.

1 қаңтардағы ауа райы экстремумдары рейтингісінде екінші орында Магадан облысындағы Эльген ауылы тұр, мұнда аяз 51 градусқа дейін күшейді. Үшінші орында Якутиядағы Оймякон метеостанция деректері бойынша температура минус 50,6 градусқа дейін түсті.

Ал ыстық ауа райына келсек, бұл көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды Камерундағы Гаруа қаласы иеленді – ауа температурасы плюс 40,4 градусқа жетті.

Синоптиктердің мәліметінше, екінші орында Австралиядағы Порт-Хедленд қаласы, мұнда ауа плюс 39,8 градусқа дейін жылынды.

Үшінші орында Тогоның Манго қаласы, онда ауа температурасы плюс 39,5 градусқа дейін көтерілді.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57