Yonhap
Агенттік мәліметінше, экс-президенттің қамауда отыру мерзімі 18 қаңтарда аяқталуы тиіс болған. Алайда сот дәлелдемелердің жойылу қаупі бар деп шешіп, қамау мерзімін ұзартуды жөн көрген.
Арнайы прокурорлар тобы Юн Сок Ёльге жаңа айып тақты. Тергеу дерегіне сәйкес, ол Солтүстік Кореяны арандату мақсатында дрондар қолданылған операцияны ұйымдастырған.
Арнайы прокурор Чо Ын Соктың айтуынша, бұрынғы президент бұл жағдайды 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізуге сылтау ретінде пайдаланған.
Юн Сок Ёльдің Қорғаныс министрлігін және Біріккен штабтар комитетін хабардар етпестен, дрондарды КХДР аумағына жіберу туралы тікелей бұйрық берген деп айыпталып отыр.
Еске салайық, экс-президентке 2024 жылғы желтоқсанда қысқа мерзімге әскери жағдай енгізу арқылы бүлік ұйымдастырды және билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.