Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді:
Ақтөбе облысы
• «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымы (Қандыағаш қаласы – Шалқар қаласы);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337-шақырымы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.