«Таза Қазақстан» платформасы арқылы әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтере алады.
Платформа іске қосылғаннан бері мұнда барлығы 3 669 өтінім келіп түскен. Оның 3 305-і толық орындалған, тағы 3 өтінім орындалу үстінде, қалғаны – қаралу сатысында.
Өтінімдердің басым бөлігі аумақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, көгалдандыру, сондай-ақ рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелеріне қатысты.
Барлық ескерту мен ұсыныс уақтылы қаралып, тұрғындарға келтірілетін қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
«Таза Қазақстан» қызметінің басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық байланыстың қамтамасыз етілуі.