Оқиға • 02 Қаңтар, 2026

Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақтөбе және Атырау облыстарындағы республикалық маңызы бар бірнеше автожолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл шара жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?

Фото: istockphoto.com

2 қаңтар күні сағат 16:30-дан бастап келесі жол учаскелері жабылды:

Ақтөбе облысы бойынша:

  • Қандыағаш – Атырау облысының шекарасы: «Ақтөбе – Доссор» тасжолының 104-337 шақырымы;
  • «ECO Oil» бекеті – Қарабұтақ ауылы: «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда» жолының 776-965 шақырымы;
  • Қандыағаш – Шалқар: «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» бағытының 3-257 шақырымы;
  • Мәртөк – Хромтау айрығы: «РФ шекарасы (Жайсаң) – Ақтөбе – Қызылорда» жолының 0-39 шақырымы.

Атырау облысы бойынша:

  • Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы: «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» жолының 337-346 шақырымы.

Мамандардың болжамынша, аталған бағыттардағы қозғалыс 3 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де қайта жандануы тиіс. Алайда бұл уақыт ауа райының құбылуына қарай өзгеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің бірқатар тасжолында қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар