Денсаулық • 01 Қаңтар, 2026

Ақтауда жаңа жылдық отшашудан бір бала зардап шекті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл түні Ақтауда бір бала жаңа жылдық отшашуды қолдану салдарынан жарақат алды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының мәліметіне сілтеме жасап, Egemen.kz хабарлады.

Ақтауда жаңа жылдық отшашудан бір бала зардап шекті

Медициналық мекеменің дерегінше, отшашудан шыққан жарықшақ баланың көзіне түскен. Зардап шеккен балаға амбулаториялық медициналық көмек көрсетілген.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жыл түні пиротехникалық бұйымдардан күйік алған балаларға қатысты өзге шағымдар тіркелмеген.

Сондай-ақ мерекелік іс-шараларға байланысты ауру-сырқау бойынша жүгінулер санының артқаны байқалмаған.

Мамандар ата-аналарға балалардың пиротехникалық бұйымдарды қолдануына жол бермеуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар