Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026

Атырауда жаңа жыл түнінде 24 адам отбасы шырқын бұзған

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жаңа жыл түнінде полицияға 249 хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары барлық хабарлама бойынша оқиға орнына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жаңа жыл түнінде 24 адам отбасы шырқын бұзған

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, түнгі мезгілде көшеде құқық бұзушылық дерегі тіркелмеген.

«Полиция қызметкерлері жаңа жыл түнінде тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет етуге шықты. Жаңа жыл түнінде отбасы шырқын бұзған 24 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Көшеде 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар