Қоғам • 01 Қаңтар, 2026

Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін 9 жаңа ұшақ сатып алады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан 2026 жылы азаматтық авиация паркін кеңейтіп, ішкі және халықаралық әуе қатынасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін 9 жаңа ұшақ сатып алады

Фото: gov.kz

Оның айтуынша, 2026 жылдың соңына қарай отандық әуе компанияларының ұшақ паркі шамамен 118 әуе кемесіне дейін артады. Сонымен қатар мемлекет 23 әлеуметтік маңызы бар әуе бағытын субсидиялау бағдарламасын жалғастырып, әуе билеттерінің қолжетімділігін арттыруды және туризмді дамытуды көздеп отыр.

Әуежай инфрақұрылымы жаңартылады

Авиация саласын дамыту шеңберінде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады – 2026 жылы Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайында ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, Ақтау әуежайында перронға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Халықаралық рейстер саны көбейеді

Қазақстан халықаралық әуе қатынасын да кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы кезеңде Орталық Азия және ТМД елдеріне рейстер саны арттырылып, бірқатар бағыттар қайта ашылады.

Сондай-ақ Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне ұшулар қарастырылған. Олардың қатарында: Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава қалалары бар.

Әуе рейстері мен пойыздардың саны артады: Билет құны қымбаттай ма?

Соңғы жаңалықтар