Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Рейтингтің бірінші орнында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) тұр. Ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда жуырда ол допинг дауына іліккен. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.
Үздік үштікке сондай-ақ Сұлтан Зәуірбек (20-0, 13 КО) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) енді.
Ал үздік ондықтың қалған орындарында мына боксшылар орналасқан:
Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО),
Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО),
Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО),
Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО),
Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО),
Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 КО),
Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО).
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінен шығып қалды.