Қоғам • Кеше

Еліміздің 7 облысында автожолдар ашылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 1 қаңтар сағат 08:00 бойынша жолдардағы жағдай туралы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 7 облысында автожолдар ашылды

Фото: Қостанай облысы ПД

Республикалық маңызы бар төмендегі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық:

Павлодар облысы

«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 км (Атамекен кенті – Ресей Федерациясының шекарасы) учаскесі.

Батыс Қазақстан облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492 км (Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы) учаскесі және осы жолдың 273-526 км (Барбастау кенті – Ақтөбе облысының шекарасы) учаскесі.

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-610 км (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда кенті) учаскесі.

Атырау облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179-189 км (Индер кенті – БҚО шекарасы) учаскесі.

Ақмола облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 км (Жібек Жолы өткізу пункті – Қарағанды облысының шекарасы) учаскесі.

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау өткізу пункті) учаскесі.

Жамбыл облысы

«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 км аралығы, «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).

Қыс мезгілі аяқталғанға дейін қозғалыс шектеледі

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты, Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына қысқы кезең аяқталғанға дейін шектеу енгізілді. Шектеу келесі учаскеде қолданылады: «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолы, 46-66 км (Северное ауылы – Серебрянск қаласы).

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар төмендегі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді:

Жетісу облысы аумағында «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 км (Көктума кенті – Достық станциясы) учаскесі.

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесі – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу жолы уақытша жабылды.

Соңғы жаңалықтар