Спорт • 31 Желтоқсан, 2025

Әлеуметтік желіде ең белсенді спортшы кім?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық Sports.kz интернет-порталы әлеуметтік желіде ең белсенді және көп оқырманы бар Қазақстандағы спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде ең белсенді спортшы кім?

Бұл тізімде Ангелина Лукас көш бастап тұр. Кәсіпқой боксты серік еткен 28 жастағы бұрымдының Инстаграм желісінде 3 миллион оқырманы бар. Осы күнге дейін 17 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен Ангелина IBO-ның чемпионы, WBC international champion, UBO international champion, WBF World, WIBF world, UBO World champion superfly нұсқалары бойынша алтын белбеулердің иегері.

Екінші және үшінші орындарда – Шавкат Рахмонов пен Еркебұлан Тоқтар. Екеуі де аралас жекпе-жек өнерінің өкілдері. Бірі – әлемдегі ең белді промоушен – UFC-дің шоқ жұлдызы, екіншісі – Поп-ММА-ның мықтысы. Инстаграмда Шавкаттың 1.8 миллион және Еркебұланның 1.7 миллион оқырманы бар.

Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарына Александр Бублик (теннис, 1.2 миллион), Сәбина Алтынбекова (волейбол, 1.1 миллион), Елена Рыбакина (теннис, 655 мың),  Қуат Хамитов (ММА, 654 мың), Жанқош Тұраров (бокс, 479 мың), Данияр Елеусінов (кәсіпқой бокс, 453 мың) және Жәнібек Әлімханұлы (кәсіпқой бокс, 351 мың) сынды саңлақтар еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар