Әлем • Бүгін, 12:10

Нидерландыда отшашуға тыйым салынады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландыда фейерверк пен петардаларды қарапайым азаматтардың пайдалануына тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шықты. Бұл бастаманы елдің Нидерланды парламенті қарастырып отыр. Егер шешім қабылданса, биылғы Жаңа жыл түні тұрғындар оны соңғы рет өз бетімен атқан болады. Бұл туралы Bild жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нидерландыда отшашуға тыйым салынады

Жоспарға сәйкес, келесі жылдан бастап отшашу қолдану тек арнайы шоуларды ұйымдастыратын кәсіби мамандарға ғана рұқсат етіледі. Ал қарапайым азаматтарға толықтай тыйым салынады.

Құқық қорғау органдары мұндай шешімге себеп жеткілікті екенін айтады. Кейінгі жылдары Нидерландыда заңсыз айналым бірнеше есе артқан. Полицияның дерегінше, желтоқсан айының ортасына қарай 65 тоннадан астам заңсыз пиротехникалық бұйым тәркіленген.

Зардап шеккендер саны да көбейген. Қараша айынан желтоқсанның ортасына дейін 10 жасөспірімнің қолына ампутация жасауға тура келген.

Тыйым салу бастамасын қоғамның басым бөлігі қолдап отыр. I&O Research жүргізген сауалнамаға сәйкес, ел тұрғындарының 62%-ы жеке пиротехникадан толық бас тартуды қолдайды.

Айта кету керек, мереке қарсаңында отшашуға деген қызығушылық Қазақстанда да артып отыр. Sarapshy дерегінше, Қазақстан отшашуды ең көп қараша мен желтоқсан айларында, яғни, жаңа жылға 2 ай қалғанда жаппай импорттайды. Кейінгі 5 жылда негізгі импорттаушы елдер Қытай, Ресей, Қырғызстан болған. Алайда 2024 жылдан бастап көрші елден импорт толық тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34