Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті. Тоғыз қабатты 5 жаңа жатақхана ҚазҰУ қалашығы құрылысының II даму жоспары аясында бой көтереді, деп жазады Egemen.kz.

ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды

Фото: gov.kz

Жатақханалардың құрылысын жүргізуге Қытайдың «Чжунтайхуа» Баоцзи құрылыс еңбек қызметтері компаниясы» 33,8 миллиард теңге инвестиция құяды.

Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың қаңтар айында басталып, бір жарым жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған. Жатақханалар халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, қауіпсіздік жүйелері мен тұрмыстық инфрақұрылым толық қамтылады.

Салтанатты рәсімге университет басшылығы, құрылыс компаниясы өкілдері, оқу ордасының танымал түлектері, оқытушы-профессорлар құрамы мен  студенттер қатысты.

Іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, бұл бастаманың университет тарихындағы стратегиялық маңызын атап өтті.

«2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі басталған. Жаңа жатақханалар жастардың білім алуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді», деді Жансейіт Түймебаев.

ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеді.

 

Соңғы жаңалықтар