Фото: ашық дереккөз
Қайғылы жағдай осы жылдың 19 тамызында Бестерек ауылында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, 55 жастағы ер адам 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғанына қарамастан, көлік тізгіндеуін тоқтатпаған.
Көлік басқарып келе жатқанда ұстамасы басталып, жол жиегінде ойнап жүрген 2 мен 9 жас аралығындағы алты баланы қаққан. Салдарынан екі бала оқиға орнында, үшіншісі ауруханаға жетпей көз жұмды. Төртінші қыздың өмірі үшін дәрігерлер бірнеше ай бойы күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Тағы екі бала түрлі дене жарақатын алған.
Бестеректе болған апаттан зардап шеккен тағы бір бала көз жұмды
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол 7 жыл бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар сотталған азамат қаза тапқан балалардың жақындарына моральдық шығын ретінде 50 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді
Сот үкім шығару кезінде айыпталушының кінәсін мойындауын және асырауында баласы барын ескерген, алайда қылмыстың жас балаларға қатысты жасалуы ауырлатушы жағдай ретінде қарастырылды.