Президент • 31 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Фото: ашық дереккөз

«Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым», делінген құттықтауда.

Айта кетейік, 30 желтоқсанда Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Катардың Доха қаласында өткен блицтен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Турнирдің финалдық кездесуінде Қазақстан өкілі украиналық шахматшы Анна Музычукті жеңді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40