Қоғам • Бүгін, 07:45

Мың баланың қуанышы

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балауса кезінен тағдыр тауқыметін тартқан балалар үшін жаңа жыл­дық шыршаның жөні бөлек. Әсіресе Аяз ата­ның қолынан сыйлық алып, қуанған сәті жан тебі­рентеді.

Мың баланың қуанышы

Мұнайлы шаһарда «18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру» жобасы жүзеге асырылып келеді. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі аталған жоба аясында жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Күн сайын өткен іс-шараға тағдыр тауқыметін тартып жүрген 250 бала қатысты. Осылайша, төрт күнде бір мың бала қамтылды.

Осыған орай мейрамхана залы арнайы безендірілді. Аяз ата мен Ақша қар, аниматорлар мен ертегі кейпіне енгендер қабағына кірбің ұялаған балалардың жанын жадыратты. Мерекелік дастарқанға балалар ұнататын тағамдар қойылып, сыйлықтар табыс етілді.

Бұл мерекеге баласын әкел­ген ата-ананың бірі – Бибігүл Жұмағалиева. Оның он бір жастағы ұлы Сартай осындай іс-шараға қатысқанды ұнатады.

«Әр ата-ана баласының қуанғанын, жадырап жүр­генін қалайды. Балам­ды түрлі іс-шарадан қал­дырмауға тырысамын. Өйт­кені ерекше балалар да өзге­лермен араласқысы, ойнағысы келеді», дейді Б.Жұма­ғалиева.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34