Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025

Атырау облысында бір жыл ішінде 61 бала биіктен құлаған

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жыл басынан бері биіктен құлауға байланысты 155 дерек тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мұндай жағдайға себеп болатын бірнеше жайтты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында бір жыл ішінде 61 бала биіктен құлаған

фото: gov.kz

Бірінші себеп – тұрғын үйдің терезесі мен балконында қорғаныштың болмауы. Екіншіден, тұрғындардың көпшілігі терезеге таяу тұсқа жиһаз қояды. Үшіншіден, терезе бекіткіші дұрыс орнатылмайды. Төртіншіден, балалар үйінде бақылаусыз қалады.

«Биіктен құлау – балалар өміріне қауіп төндіретін жайт. Бір жыл ішінде жедел медициналық жәрдем қызметінде  155 жағдай тіркелді. Оның 61-і балаларға қатысты дерек. Өкінішке қарай, бір жағдай өліммен аяқталды», деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар