Фото: Үкімет, телеграм
«Жобаның негізгі миссиясы – олимпиада жүлдегерлерін бір-екі цикл көкжиегінде тәрбиелеу. Біз дарынды балаларды ұлттық құрама деңгейіне жеткізіп, оларды әлемдік ареналарда бәсекеге қабілетті етуге тиіспіз», деді М.Үсенов.
Резервті дамыту бағытында Grand Tour Biathlon жобасы не береді:
- еліміздің 11 өңірінен 200 жас спортшы қамтылды;
- жылына жарыстың 5 кезеңі өткізіледі – 3 қысқы және 2 жазғы;
- жеңімпаздар ересектер секілді көшбасшылардың жейделерімен және хрусталь глобустарымен марапатталады;
- үздіктер Норвегиядағы Liatoppen балалар биатлон фестиваліне жіберіледі;
- резервке ең перспективалы 20 спортшы таңдалды;
- жастарды жоғары деңгейде даярлау үшін италиялық маман Лука Бормолини шақырылды.