Саясат • 30 Желтоқсан, 2025

Биыл Президент Әкімшілігі 82,5 мың өтінішті қараған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы еліміздегі маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру болды. Биыл Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түскен. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Президент Әкімшілігі 82,5 мың өтінішті қараған

Фото: Caravan.kz

Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды.

Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады: жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде.

Диалог офлайн-форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.

Биыл еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында да қыруар шаруа атқарылды.

Сондай-ақ 2025 жылы ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Экономика • Бүгін, 10:33

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48