Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана – Қарағанды бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды

Фото: istockphoto.com

Өңірдегі полиция департаменті күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардан күрделі метеорологиялық жағдайды ескеруді, алыс сапарлардан бас тартуды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана – Қарағанды жолынан бөлек, келесі бағыттарда да қозғалыс шектелген:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»: Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін (970–1135 км) және облыс шекарасынан Шідерті кентіне дейін (1135–1206 км).
  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы»: Көкшетау қаласынан Келлеровка ауылына дейін (304–367 км).
  • «Көкшетау – Рузаевка»: Көкшетау қаласынан Саумалкөл ауылына дейін (0–91 км).
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайский»: Көкшетаудан Чкалово ауылына дейін (2–85 км).
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған»: Тобылдан Әулиекөлге дейін (8–108 км).
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас»: Қарағандыдан Қарқаралыға дейін (17–217 км).

Жолдарды ашудың болжамды уақыты:

  • Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында: 30 желтоқсан сағат 12:00-де.
  • Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында: 30 желтоқсан сағат 15:00-де.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» бірқатар өңірлерде, соның ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында боран мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар