Білім • 29 Желтоқсан, 2025

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясы аясында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

Фото: bilimdinews.kz

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз – педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу», деді Асылбек Ахметжанов.
«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы жобалары сынақтан өткізіліп жатыр. Осы шешімдерді қауіпсіз түрде қолдану деңгейін арттыру үшін салалық министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру дерегін орналастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар