Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025

Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қауіпсіздік пен жедел басқаруға арналған жаңғыртылған Ахуал орталығы пайдалануға берілді. Жаңа буындағы бұл цифрлық платформа тәулік бойы, 24/7 режимінде мониторинг, талдау және қауіпсіздікті басқару үдерістерін бір жүйеге біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды

Ахуал орталығы арқылы күзет бөлімшелерінің қызметі, мердігер ұйымдарға тиесілі техниканың қозғалысы GPS пен видеотелематика көмегімен, сондай-ақ 45 бақылау-өткізу пунктінің жұмысы үздіксіз қадағаланады. Бірыңғай жүйеге металлургиялық комбинат аумағындағы 15 бақылау аймағына орналастырылған 400-ден астам бейнебақылау камерасы біріктірілген.

– Бұл орталық комбинат аумағындағы барлық логистикалық үдерістер мен жалпы ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Орталықтың үздіксіз жұмысын әр ауысымда 15 бейнебақылау операторы және бір үйлестіруші маман қамтамасыз етеді, – деді Qarmet компаниясының режим және қауіпсіздік жөніндегі директоры Олжас Сейтахметов.

Ахуал орталығы жұмысының басты ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларын енгізу. Интеллектуалды жүйелер ықтимал құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, оқиғаларды сараптайды әрі жедел әрі нақты басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады. Барлық төтенше жайттар міндетті түрде тіркеліп, цифрлық сараптама қалыптастыру арқылы құжатталады. Бұл қауіпсіздік жүйесін кешенді түрде талдап, процестерді үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар күзет құрылымдары пайдаланатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының әуеден бақылау ұшулары да осы орталық арқылы бақыланады.

Компания алдағы кезеңде бейнебақылау аймақтарын кеңейтіп, қосымша 4 мыңнан астам камера орнатуды жоспарлап отыр. Ахуал орталығының іске қосылуы Qarmet үшін цифрландыруды тереңдету мен өндірістік қауіпсіздік деңгейін сапалық жаңа кезеңге көтерудегі маңызды қадам саналады.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10