Оқиға • Кеше

Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның аңызға айналған актрисасы, ХХ ғасырдың ең танымал әйелдерінің бірі Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды

Фото: Ашық дереккөз

Француз кинематографының символына айналған әйгілі актриса, модель және қоғам қайраткері Брижит Бардо 1950-1960 жылдары «Құдай әйелді жаратты» сияқты фильмдердегі рөлдерінен кейін әлемдік деңгейде танымал болды. 

1973 жылы Бардо кино саласынан кетіп, өмірін жануарлардың құқығын қорғауға арнады. Ол бүкіл әлем бойынша жануарлардың әл-ауқаты үшін белсенді күресетін жеке қорын құрған болатын.

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Экраннан кеткеннен кейін Брижит Бардо көпшілік алдына сирек шыққанымен, Францияның мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды тұлға ретінде қала берді.

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше