Фото: istockphoto.com
Мексиканың әскери-теңіз флотының хабарлауынша, пойызда барлығы 250 адам болған. Олардың ішінде тоғызы – экипаж мүшелері, ал 241-і – жолаушылар.
Қазіргі таңда 193 адамның жағдайы қауіпсіз деп бағаланып отыр. Мексика президенті Клаудия Шейнбаумның айтуынша, зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Оахака штатында, Чивела мен Низанда қалаларының арасында, Тынық мұхитын Мексика шығанағымен байланыстыратын теміржол желісінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз рельстен шығып кеткен.
Апаттың себептерін анықтау үшін Мексиканың бас прокуратурасы ресми тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетейік, шілде айының соңында Германияның оңтүстік-батысындағы Баден-Вюртемберг жерінде аймақтық жолаушылар пойызы рельстен шыққан болатын. Ол кезде шамамен 100 жолаушының төртеуі қаза тауып, кемінде 34 адам түрлі жарақат алған еді.