ТЖМ
Өрт Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттан шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде жағдай өте күрделі болған.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалын ғимараттың екінші және үшінші қабаттарын толықтай шарпып үлгерген. Оттың жылдамдығынан нысанның шатыры ішінара опырылып түскен.
Өрт сөндірушілердің кәсіби және дер кезінде жасаған іс-қимылдарының арқасында оттың көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді.
Тілсіз жау жалпы аумағы 800 шаршы метр жерде толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
«Өрт сөндірушілердің кәсібилігі салдарды барынша азайтуға мүмкіндік берді», деп атап өтті ТЖМ өкілдері.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Сарыарқа ауданындағы бұл оқиға елордалықтарды қатты алаңдатты.