Фото: ІІМ
Тергеу мәліметінше, күдікті өзін қарапайым сатып алушы ретінде көрсетіп, сауда орталықтарының біріндегі дүкеннен парфюмерия өнімдерін ұрлаған. Ол сөрелерден екі-екіден иіссу флакондарын алып, қалталарына жасырып, тауарларға еркін қолжетімділікті пайдалана отырып, дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен.
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 300 мың теңгені құраған. Кейін ұрланған тауарларды күдікті сатып жібергені анықталды.
Полицияның хабарлауынша, күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, сол аудан аумағында ұсталған. Сонымен қатар аталған азаматтың тағы үш ұқсас ұрлық дерегіне қатысы болуы мүмкін екені тіркелген. Аталған эпизодтар бойынша тексеру жүргізіліп, тиісті тергеу амалдары атқарылып жатыр.