Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025

Астанада тұрғын үйден өрт шықты: ТЖМ 9 адамды эвакуациялады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Сарыарқа даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Астанада тұрғын үйден өрт шықты: ТЖМ 9 адамды эвакуациялады

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері баспалдақ маршы арқылы 9 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрт пәтер ішіндегі қабырғадағы сәндік панель мен жиһаздың жануынан шыққаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен тілсіз жау толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар