«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының жобасы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес және «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық кеңесі ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарының алқа төрағалары, жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдері, заңгерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен медиаторлар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасының жаңашылдықтарын тәжірибелік тұрғыдан талқылау болып табылады. Атап айтқанда, жиында бітімгершілік рәсімдерін сотта қолдану, сот төрелігіне қолжетімділік, сот ісін жүргізуді жеңілдету және жеделдету, апелляциялық, кассациялық, қадағалаушы сатылардағы сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу, азаматтық іс өндірісіндегі прокурор мен адвокаттың рөлі, білікті заң көмегін көрсету, сотта сарапшының қатысуы, сот шығындары, электрондық сот өндірісі және басқа мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты, Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Әбдіров сөз сөйлеп, жобаның еліміз үшін, халқымыз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Алматыда өткен дөңгелек үстелге қатысқан адам құқын қорғау жөніндегі халықаралық және қазақстандық ұйымдардың өкілдері Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасының дайындалу деңгейі жоғары деп бағалағанын жеткізді. Алайда, құжатты жан-жақты талқылап, олқылығы болса ескеріп, түзететін жері болса түзету үшін мұндай талқылаудың қайтарымдылығына айрықша тоқталды.
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов өзінің сөзінде «Азаматтық іс жүргізу заңнамасы қоғамда тұрақтылықтың кепілі, заңның үстемдігін, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Азаматтық іс жүргізу кодексі тек судьяларға ғана жазылмайды, азаматтық сот өндірісіне қатысатын жай азаматтарға да қатысты жасақталады. Заң анық болып, қолданамын деушілерге оны ашып, оқығаннан кейін өзін процесте қалай ұстау керектігін түсініп, өзінің құқықтары мен міндеттерін айқын білуі қажет», деді.
Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев өз сөзінде өңірде сот және прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіліп отыратынын тілге тиек ете келіп, дөңгелек үстелге қатысушылар жұмысына табыс тіледі.
Шараға қатысушылар Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасына ұсынылып отырған жаңашылдықтарды және олардың әділетті сот талқылауының қамтамасыз етудегі маңыздылығын жан-жақты талқылады, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00