Әлем • 27 Желтоқсан, 2025

Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп 28 желтоқсанда Флорида штатында кездеседі. Бұл ақпаратты Зеленский кеңсесі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді

Фото: politico

DW жазғандай, Украина басшысы 26 желтоқсан, жұма күні журналистермен онлайн форматтағы кездесу барысында Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың 90 пайызы әзір екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, 28 желтоқсанда өтетін кездесуде ол Дональд Трамппен Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесіне қатысты құжаттар топтамасын талқылауды жоспарлап отыр.

Зеленский Украинада президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Владимир Зеленский Украинада президенттік сайлау мен референдум өткізуге байланысты заңнамалық бастамалар бар екенін де атап өтті. Алайда бұл мәселедегі басты түйткіл қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр.

Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігі берілуі мүмкін?

Сонымен қатар Украина президенті түпкілікті бейбіт келісімге келіссөздерге қатысып отырған төрт тараптың – Украина, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақтың келісімінсіз қол қою мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар