Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025

Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданында шетелдіктің бір жыл бойы заңсыз жүргені анықталды. Сот оны елден шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды

Фото: Ашық дереккөз

Өзбекстан Республикасының азаматы Т. еліміздің аумағына былтыр 10 қазанда кірген. Ол көші-қон туралы заңға сәйкес 30 күнтүзбелік күн өткен соң, 10 тәуліктің ішінде елден шықпай қалған. Осылайша, былтырғы қазаннан бері бір жыл бойы елде заңсыз жүрген.

Құрманғазы аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы Т-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен (шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Шетелдіктің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны өзінің мойындау түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен расталды.

«Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. айып тағылған баппен кінәлі деп танылды. Оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды», деп хабарлады аудандық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар