Елорда • Бүгін, 11:40

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 26–31 желтоқсан аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді

Фото: gov.kz

Жәрмеңке қаладағы Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Керуен жолы» СОО автотұрағында өтеді.

Сондай-ақ осы күндері сауда орталығында жергілікті фермерлер мен түрлі өңірлердің өндірушілері жемістер мен көкөністер, ет, сүт және ұн өнімдері, нан өнімдері, шырындар, консервілерді саудалайды. Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкедегі баға нарықтағы құннан арзанырақ болады. 

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Көрсетілген мекенжайға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 қоғамдық көліктері қатынайды.

Бұған дейін жәрмеңке 6–7 желтоқсан күндері ұйымдастырылған еді.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Бүгін, 22:48

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18