Фото: istockphoto.com
«Қазір компаниялар қолма-қол ақша үшін арнайы жеңілдіктер ұсынып жатыр, алдағы уақытта бұл нарықта кең етек жаяды. Мысалы, құны 5 млн теңге тұратын тауарды қолма-қол сатып алсаңыз, сізге 10% жеңілдік ұсынуы мүмкін. 500 мың теңге үнемдеу кез келген адам үшін үлкен уәж. Мұндай ақша үшін банкоматқа дейін бару еш қиындық тудырмайды», деді «Ulagat Consulting Group» компаниясының директоры Марат Қайырленов.