Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025

«Болашақ» шәкіртақысы: 2026 жылдан бастап талаптар қалай өзгереді?

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау ережелеріне енгізілген негізгі реформаларды таныстырды. Енді үміткерлерді іріктеу тетігі күшейтіліп, басымдық жаратылыстану-техникалық бағыттарға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болашақ» шәкіртақысы: 2026 жылдан бастап талаптар қалай өзгереді?

Фото: istockphoto.com

Жаңа ережелерге сәйкес, конкурс енді қатаң іріктеу тетігімен өтеді. Екінші турға тек бірінші кезеңде қажетті өту балын жинаған үміткерлер ғана жіберіледі. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы өтінім бергендердің 5%-ы (131 адам) алғашқы кезеңнен өте алмаған.

2026 жылдан бастап күшіне енетін басты өзгерістер:

Жоғары оқу орындарына жаңа талап: Енді шәкіртақы алатын студенттер тек QS University Rankings халықаралық рейтингінде өз бағыты бойынша (by subject) үздік 100-дікке кіретін шетелдік ЖОО-ларда білім ала алады.

Техникалық мамандықтарға басымдық: Бағдарламаның кемінде 60%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттарға арналады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 59,2%-дан 2025 жылы 69,6%-ға дейін өскен.

Еңбекпен өтеу мүмкіндігі: Бағдарлама түлектеріне БҰҰ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді халықаралық және аймақтық ұйымдарда жұмыс істеу арқылы стипендияны өтеуге рұқсат берілді.

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақпен» білім алады

Тілдік шектеу: Орыс тілі мемлекеттік немесе ресми тіл болып саналмайтын елдерде осы тілде білім алу немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі алынып тасталды.

Қайта қатысу: Үміткерлерге конкурстық іріктеуге қайта қатысу мүмкіндігі берілді.

«Болашақ» арқылы атом энергетикасы саласының мамандарын даярлау кеңейеді

Айта кетерлігі, бағдарламаға деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылы 1 893 өтінім қабылданса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 600-ге жетіп, бір орынға талас 4,1 адамды құрады. Сонымен қатар енді «Болашақ» аясында жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары даярлана бастайды.

Соңғы жаңалықтар