Экономика • Бүгін, 11:43

Елімізде сәбіз экспортына тыйым салынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәбізді елімізден тыс аумаққа тасымалдауға уақытша шектеу енгізбек. Бұйрық жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде сәбіз экспортына тыйым салынды

Фото: pexels.com

Транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 ай бойы рұқсат етілмейді. 

Жалпы Қазақстанның шетелге сәбіз сату көрсеткіші 37,6%-ға өсіп, 18 200 тоннаға жеткен. 

Биыл Өзбекстанға – 4500 тонна, Украинаға – 567 тонна, Тәжікстанға – 532,4 тонна, Белоруссияға – 113,4 тонна сәбіз тасымалданған.  Ал былтыр аталған елдерге сәбіз жеткізілмеген. Аталған өнімнің негізгі бөлігі шамамен 12,4 мың тонна Ресейге тасымалданады.

Бұған дейін сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар