24 Наурыз, 2015

Круз АҚШ президенттігіне таласқа бірінші болып жазылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-03-15-kruz-1

АСТАНА. 22 наурыз. Сенатор Тед Круз АҚШ-та 2016 жылғы қарашада өтетін келесі президенттік сайлауға қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Күткендегідей, Техас штатынан сайланған республикашыл саясаткер алдағы дүйсенбіде өзінің шешімін Вирджиния штатындағы университеттердің бірінде сөйлеген сөзінде жариялайтын болады. Осылайша 44 жастағы Тед Круз президенттік жарысының жолына түсетін бірінші үміткер болғалы тұр. Сайлауда республикашылар партиясынан одан басқа, кемінде он адам дауысқа түскелі отыр.  Олардың қатарында Флорида штатының бұрынғы губернаторы, экс-президент кіші Джордж Буштың інісі Джеб Буш, Нью-Джерси штатының губернаторы Крис Кристи, сенаторлар Марко Рубио мен Рэнд Пол, Вискония штатының губернаторы Скотт Уокер, Арканзас штатының экс-губернаторы Майк Хакаби және конрессмен Пол Райан бар. Ал сарапшылар алдағы үміткерлердің ішінен демократиялық партия атынан үміткер болып қалуы вқтимал, бұрынғы мемлекеттік хатшы, АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон мен вице-президент Джозеф Байденнің мүмкіндіктері жоғары саналуда. Бурақ олар әлі президенттік сайлауға қатысатындары жөніндегі шешімдерін жария еткен жоқ. АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Отбама бұл мемлекеттік жоғары лауазым үшін күресе алмайды. Себебі, осы жолы оның екінші президенттік мерзімі аяқталып келе жатыр. Мұрат Айтқожа.