Медицина • Бүгін, 13:00

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл медициналық жоғары оқу орындарын тәмамдаған 10,5 мың түлектің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артқан, деп жазады Egemen.kz.

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Бүгінде өңірлердегі дәрігер тапшылығын азайту мақсатында жас мамандарды ауылдық жерлерде қызмет етуге ынталандыру шаралары қабылданған. Мемлекеттік қолдау аясында оларға тұрғын үй, қаржылық, білім беру және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Осы бағытта қабылданған шаралардың арқасында дәрігер тапшылығы – 20%-ға, орта медициналық персонал – 7%-ға, ауылдық жерлердегі дәрігерлер жетіспеушілігі –16%-ға азайған. 

Дәрігер даярлаудың жауапкершілігі зор

Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен медицина қызметкерлеріне:

  • көтерме жәрдемақылар;
  • ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері;
  • жалақыға қосымша төлемдер;
  • әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары ұсынылған.

Осы жылдың 10 айында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін барған 298 дәрігер (2024 жылы – 254 маман) кемінде 100 ең төменгі жалақы көлемінде немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде төлем алған. 596 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35