Фото: beta.egov.kz
Оны тінту барысында сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 7 орам марихуана, сары түсті сұйық консистенциялы гашиш майына тән иісі бар 20 пластик құты, сондай-ақ өсімдік тектес қою сұр түсті 10 орам каннабис шайыры табылған.
Күдіктінің елордадағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтіні расталғанымен, тәркіленген заттардың тағам өнімдеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталған.
Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, азаматтарға тыйым салынған заттарды сақтау және тарату үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салып отыр.
Жыл басында Президент қылмыстық заңнаманы ізгілендіру арқылы есірткі қылмысын ұйымдастырушылардың жазасын барынша қатаңдатып, ал орындаушылар жауапкершілігін жеңілдету ұсынысын ортаға салған.
Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау, сақтау шараларына қарсы күресті үздіксіз жалғастырып келеді.