Президент • Кеше

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа кімдер ие болды?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа кімдер ие болды?

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Айта кетейік, күні кеше Президент жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкеріне пәтер кілтін табыстады.

Соңғы жаңалықтар