Қоғам • Кеше

Бекем бірліктің белгісі

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел азаматтарының 95%-дан астамы республикада этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп санайды. Бұл қоғамда бейбітшілік пен татулық басты құндылық ретінде сақталып отырғанын және Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысының нәтижесі екенін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.

Бекем бірліктің белгісі

Фото: massaget.kz

ҚХА-ның 30 жылдығын кең көлемде атап өту – дұрыс бағытта жүргізіліп жатқан саясаттың тағы бір дәлелі. Күні бүгінге дейін ел көлемінде 10 мыңнан аса әлеуметтік маңызы бар іс-шара өткізілді. Онда 3 миллионнан аса отандасымыз бой көрсетті.

Бейбітшілік пен өзара келісімнің жаршысы саналатын ұйымның мерейлі белесін мерекелеу тек маңызды оқиғалармен ғана емес, игі істермен де есте қалды. Мәселен, ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының меценаттары 35 мың азаматқа жалпы сомасы 305 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.

Бүгінде ҚХА аясына 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4 мың қоғамдық құрылым біріктірілген. Олар отбасылық құндылықтарды нығайтуда және жастарды рухани-адамгершілік тәрбиеге бағыттауда «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Адал азамат», «Салауатты сана» жобаларын жүйелі жүзеге асырып келеді. Оған қоса «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесі» де бар. Оның үстіне биыл алғаш рет Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында аудандық ассамблеялар құрылды.

Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын тиімді жүйе қалыптасып үлгерді. Оның негізінде өңірлерге тұрақты түрде зерттеу жүргізіліп, мониторингтік іссапарлар ұйымдастырылады.

Байқасақ, «Ассамблея жастары» жастар қанатында 10 мыңнан астам жас тіркелген. Олар көбіне мәдениетаралық диалогты дамытуға жәрдемдеседі. Атап айтсақ, «Жаңа толқын», «АНК жетекшілер мектебі» және «50 жас көшбасшы» жобалары бар. Сондай-ақ еліміздегі жоғары оқу орындарында этнос өкілдерін біріктіретін Студенттік Ассамблея да тұрақты жұмыс істейді. Басты міндет – жергілікті жерде волонтерлік қызмет пен этномедиацияны дамытуға үлес қосу.

Ал ғылым мен білімді дамыту, зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғары оқу орындарында Ассамблеяның 42 кафедрасы бар. Ғылыми-эксперттік кеңес және Жас ғалымдар клубы да ашылған. Онда 360 сарапшы қызмет етеді.

Кейінгі кездері елімізде этножурналистика саласы қарқынды дамып келеді. Республика көлемінде 50-ден астам этникалық газет пен журнал 11 тілде басылып шығады. ҚХА жанындағы Журналистер клубында жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының 500-ге жуық өкілі бар.

Ассамблеяның шығармашылық ұжымдары Ассоциациясы да құрылды. Оған 170-тен астам ансамбль кірді. Бүгінде еліміздің этносаралық келісім үлгісі халықаралық деңгейде кеңінен танылуда. Идеяны ілгерілетуге Ассамблея жанынан халық дипломатиясы орталығы мен Достық елшілері корпусы жұмылдырылған. Ерекше атап өтерлігі, «Ассамблея жастары» ұйымы ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесінің халықаралық жастар құрылымдарына кіріп, өз бастамаларын Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 21:14