Қаржы • Бүгін, 12:32

Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылдан бастап Қазақстанда салық борышы үшін шоттарды бұғаттау ережелері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев салық берешегінің шекті сомасын көтеру туралы маңызды мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта борышкерлердің басым бөлігі өте аз сома үшін зардап шегіп отыр.

Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады

Бұған дейін салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша нақты төменгі шек болмағандықтан, тіпті тиын-тебен үшін де микро және шағын бизнестің шоттары бұғатталып, операциялары тоқтатылатын.

«Борышкерлердің шамамен 72%-ының мойнында 6 АЕК-ке (шамамен 26 мың теңге) жетпейтін қарыз бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылып, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтып жатыр», деді Мәди Такиев.

Жаңа ережелер бойынша салық төлеушілерге қатысты шаралар қарыз сомасына қарай үш саты бойынша қолданылады:

  • 87 мың теңгеге дейін (20 АЕК): Шот бұғатталмайды. Салық төлеушіге тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл (пеня) ғана есептеледі.
  • 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін (20–45 АЕК): Шығыс операциялары тек өтелмеген борыш сомасы көлемінде ғана уақытша тоқтатылады. Егер бұл ескерту еленбесе, мәжбүрлеп алу тетіктері іске қосылады.
  • 195 мың теңгеден асса (45 АЕК-тен жоғары): Мүлікті тізімдеу, сату және дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты ең қатаң шаралар қолданылады.

Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алудың төменгі шегі де шамамен 26 мың теңгеге (6 АЕК) дейін көтеріледі. Бұл қадам шағын бизнеске артық бюрократиялық кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Үкімет басшысы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар