Үкімет • Бүгін, 12:07

Олжас Бектенов: Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды. Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктерін дер кезінде өтеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Олжас Бектенов: Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз. Біздің мақсатымыз тек несие беру емес, тұрақты өндіріс құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету», деді Премьер-министр.
Қаржы министрлігіне «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет. Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды (бюджеттің 70%-ы) бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін әзірлеу керек.
 
Сондай-ақ Үкімет басшысы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.
«Жаңа Бюджет кодексі шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімін әкімдіктердің иелігінде қалдыруды көздейді. Енді әкімдер әрбір кәсіпкердің табысқа жетуіне мүдделі болады. Өйткені ол жергілікті бюджет кірістерінің өсуіне тікелей ықпал етеді», деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, елімізде кәсіпкерлерге тегін бухгалтерлік кеңес беретін «Халық бухгалтері» акциясы басталады.
Соңғы жаңалықтар

Доллар 4 теңгеге арзандады

Қаржы • Бүгін, 16:20