Фото: zamin.uz
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей мұнайының экспортына орташа жеңілдік 27 долларды құрайды.
Айта кетейік, мұнайдан түскен табыс Ресейдің мемлекеттік шығындардың төрттен бірін өтейді.
Ал мұнай бағасы арзандаған сайын мұнай өңдеу зауыттары «қара алтынды» сатып алуға ынталана түседі. Бұл үрдіс өз кезегінде мұнай бағасының уақытша тұрақтануына әсер етеді.
Бұған дейін Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатынын мәлімдеген болатын.